Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Жамбыл облысындағы шегірткеге қарсы күрес жұмыстарының барысын тексерді. Қазір аймақта Марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары Жамбыл, Талас, Байзақ аудандарында жүргізілуде. Бүгінге көрсеткіш 14 мың га аумақты қамтып отыр.