1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде «Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты мерекелік іс-шара өтті. Этнос өкілдері ұлттық киімдерін киіп, достық дастарханын жайып, ұлттық тағамдарынан дәм ұсынды. Сонымен бірге спорт түрлерінен сынға түсті. Мерекелік іс-шараға облыс әкімі, зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары қатысты.