Қызылорда қаласында өткен "Көктем нұры" республикалық оқушылар айтысында Жамбыл облысының намысын қорғаған Інжу Жаңабай бас жүлдені жеңіп алды. Жыр додасына еліміздің әр өңірінен суырылып шыққан жас айтыскерлер қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Тартысты өткен сөз сайысында Інжу көрермен мен қазылардың ықыласына бөленіп, суырып-салма шеберлігімен дара шықты.