Мемлекет қайраткері, соғыс ардагері Тілеуқабыл Төребековтың туғанына 100 жыл толуына орай бүгін оның Тараздағы тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды. Жиынға Жамбылдың зиялы қауым өкілдері мен енбек ардагерлері, майдангердің ұрпақтары қатысты.