Биыл Жамбыл ауданындағы 4 ауылдық округтің 11 елдімекені Тараз қаласының аумағына кірді. Облыс орталығы шекарасының өзгеруіне байланысты тұрғындар тарапынан құжаттарды рәсімдеу кезінде түрлі мәселелер туындауда. Осы проблемаларды шешу мақсатында Аса ауылында «Әділет кеңес береді» акциясы өтті.