2025 жылдың 28 наурызында түнде Жамбыл облысының бірқатар аудандары мен Тараз қаласында жер сілкінісі тіркелді.Жер дүмпуінің жоғары қарқыны – 5 балл – Меркі ауданындағы Меркі ауылында тіркелді. Т. Рысқұлов ауданының Құлан ауылында жер сілкінісінің күші 4 баллды, Тараз, Шу қалаларында, Қордай, Мойынқұм аудандарында – 2 баллды құрады.