Облыста көктемгі дала жұмыстары басталып кетті. Биыл Әулиеаталық диқандар былтырғыдан 33 мың гектар артық ақапты игеруді жоспарлап отыр. Мәселен, Шу ауданында 87 мың гектардан аса алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын егілмек. Көктемнің әрбір күні жылға азық екенін ескерген еңбеккерлер егін егуге сақадай-сай әзірлікпен келіп отыр.