«Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері». Таразда осындай салмақты тақырыпты саралаған семинар тренинг өтті. Жиынға Астана қаласынан ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшелері мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы мамандары арнайы келді.