«Есептегі элемент» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Жуалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері құқық қорғау органдарында есепте тұрған азаматтарды тұрғылықты жері бойынша аралап, 144 адамды тексерген. Нәтежиесінде, бірқатар қоғамдық тәртіп пен белгіленген шектеулерді бұзу деректері анықталыпты. Ал, 2024 жылдың басынан бастап Қазақстан аумағында айналымнан 2 мыңға жуық жалған банкнота алынып, қаржылық тұрақтылыққа қауіп төндірген. Жалпы алынған жалған ақшалардың сомасы 80 миллион теңгеден асыпты.