Биылғы жылды Мемлекет басшысы «жұмысшы мамандықтары» жылы деп жариялады. Бұл бастама еңбекқор және нағыз маман болып қалыптасу идеясын ілгерілете түседі. Өңірде энергетика саласында жұмысшы мамандықтары жетіспейтін көрінеді. Сондықтан да, Президенттің биылғы жылды ерекше атауы салаға көптеген мамандардың келуіне септігін тигізері сөзсіз.