Бүгін Таразда «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті. Жиынның мақсаты мемлекеттік қызметшілер арасында еріктілер қозғалысын құрып, көшелерді көгалдандыруға, табиғат орындарын тазартуға, қан донорлығына және басқа да іс-шараларға белсенді қатысу арқылы еріктілер қозғалысының қатарын кеңейту.
Мемлекетік қызмет істері агенттігінің жанынан құрылған «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органы мемлекеттік қызметшілер арасында еріктілер қозғалысын үйлестіруді, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің ерікті бастамаларын және осы саладағы заңнама талаптарының үйлесімдігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды атқарады.