Мамыр айында облыста құрылған «Zhambyl Invest» дирекциясы жалпы құны 757 млрд. теңгені құрайтын 30 жобаға қолдау көрсетуде. Сондай-ақ дирекция жамбылдық тауар өндірушілердің өнімдерін шетелдік нарыққа шығару үшін экспорттық әлеуетті арттыруға күш салып отыр. Бұл туралы аймақ басшысы Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен инвестициялық штабтың отырысында айтылды.