Мемлекет басшысы жергілікті биліктің халықпен байланысты нығайту жөнінде тапсырма бергені белгілі. Осы ретте, Республикалық мобильді қоғамдық қабылдау Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Ақыртөбе және Құмарық ауылдарында өтті. Кездесуге Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты, «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары қатысты.