«Ауыл әкімдері тұрғындардың тұрмысын жақсарту бағытында барынша қолдау көрсетуі керек». Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов ауылдық округ әкімдерімен кездесуде осылай деді. “Ауыл аманаты” жобасының біздің өңірдегі іске асырылу барысымен танысқан Үкімет басшысының кеңесшісі ауқымды жобаны әлі де болса жетілдіре түсіру қажеттігін айтты.

Осы жиында Жамбыл облысының әкімдігі өңірдегі 4 ірі кәсіпорынмен ауыл шаРуашылығы өнімдерін сатып алу үлесін арттыру мақсатында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.