Шу ауданында жыл басынан бері игерілмей жатқан 3 653,0 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның 1500 гектар егістік, 2153 гектар жайылымдық жер.
Тағы бір ақжолтай жаңалықтың бірі жеке кәсіпкермен өткен жылы Шу қаласынан 30 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй, ел игілігіне берілді. Аталған жобаның бір ерекшелігі - тұрғындар алған пәтерлерінің 30 пайызын алдын ала төлесе, қалған бөлігін 5 жылға пайызсыз төлейтін болады.