Осыдан 4 жыл бұрын өңірімізде асарлатып үй салу жобасы қолға алынған болатын. Қазір аталмыш бастаманың маңыздылығы күн санап артып келеді. Себебі, бұл жоба тұрғындардың экономикасын арттырып,әлеуметтік жағдайын көтеруге сеп болуда.Бүгінде игі шара жалғасып келеді. Мәселен, Тұрар Рысқұлов ауданы, Әбжапар ауылында жергілікті жұрт баспанаға мұқтаж отбасыға үй сыйлады. Қуанышты сәтті ауыл ардагерлері де бөлісіп, жастар ісін жоғары бағалап, өз батасын берді.