Кеңес одағы тарамай тұрып түсірілген «Желтоқсан жаңғырығы» фильмі тұңғыш рет Жамбылдық телеарнадан көрсетілді. Сонымен қатар, үлкен саяси ойынның салқыны тиген Асанбай Асқаровтың соты жайлы да деректі туындыні біздің телеарна түсіреді.

Ақиқатты ашу оңайға түспейді. Со кездегі телеарна басшысы Елен Әлімжан жас журналист Серік Аббасовты ресми түрде жұмыстан шығарып жібереді. Бірақ, қаржылай және техникалық тұрғыда қолдау көрсетіледі. Осылайша жанкешті еңбектің нәтижесінде желтоқсан туралы фильм жарыққа шығады.