Облыстық театрда психологиялық «Соқыр үміт» драмасы көрсетілді. Туындыда адам санасында үнемі үзілмейтін үміттің кей сәттерде «соқыр», яғни күмәнді, дүдамал болатындығы суреттеледі. Қандай мәселе туындаса да - адами асыл қасиеттердің жоғалмау керектігі туралы терең ой айтылады.