6 шы қазанға тағайындалған республикалық референдум өткізу жөніндегі науқан шеңберінде Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға облыстық аумақтық референдум комиссиясының толық құрамы мен қалалық және аудандық аумақтық референдум комиссиясының өкілеттігін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын мүшелері қатысты.

Онда референдумды әзірлеу, өткізу мәселелері бойынша өңірлерді ақпараттандыру жайы мен басқа да біратар сұрақтар талқыланды.