Қазақстанда атом электр стансасы салынған жағдайда еліміз өзге мемлекеттерге деген энергетикалық тәуелділіктен құтылады. Ал энергетикалық қауіпсіздік – ел экономикасының тұрақты дамуының және тұрғындардың сапалы өмірінің кепілі. Қазақстанда осы жобаны қолға алу ісі қоғамда соңғы кезде жиі талқыланып жүр.

Әйтсе де, халықтың пікірі сан саққа жүгіруде. Бірі энергия тапшылығын болдырмау үшін АЭС салу қажет десе, екінші жақта үміттен гөрі күдік басым. Бірақ ғалымдар қауіптенуге еш негіз жоқ дегенді айтады. Бұл тұрғыда сақа мамандар мүмкіндіктерді жан-жақты зерттеп, зерделеуде.