Елімізде 1,2 млн адам жалпыға бірдей декларацияны тапсырмаған. Әзірге оның тең жартысы ғана, тіркеуден өтіп, дерекетерді растап үлгеріпті. Жыл басынан бері республика бойынша кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары 15 қыркүйекке дейін табысы мен активтері жайлы декларация тапсыруы тиіс.
Оған үлгермеген немесе әдейі жалтарғандар жауапқа тартылады. Алдымен оларға ескерту жасалады. Бірақ 1 жыл ішінде мүлкін жарияламаса, 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалайды.