Байзақтағы құрама жем өндіру зауыты енді өз өнімін шетелге экспорттауы мүмкін. Қазір де Өзбекстан, Қытай мемлекеттерімен арнайы келісім жасалып жатыр. Көп ұзамай біздің өнім қос мемлекетке тонналап жіберілмек. Айта кетейік, өңірдегі ауқымы кең кәсіпорын жылына 100 мың тоннаға жуық жем өндіруге қауһарлы.