ҰБТ-дан небәрі 50 балл жинап, грантқа түсуге болады. Өйткені өңірге биыл 250 грант бөлініп отыр. Тек тегін оқу емес, студент жоғарлатылған шәкіртақымен де қамтылады. Бұл облыста жаңадан ашылып жатқан қос оқу орнына бөлініп отқан жеке гранттар.

Олардың бірі ұлттық, бірі халықаралық статустағы университеттер. Нақтыласақ Қазақ ұлттық Су шаруашылығы және ирригация университеті мен Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің филиалы.