«Мәдени зиятты ел болу үшін ең алдымен экологиялық сана өзгеруі керек». Осылай деген жамбылдық жастар жаңбыр суы шайған Жаңатас қаласына көмекке барды. Тазалық жұмысына жастармен қатар облыс әкімі Ербол Қарашөкеев бастаған аймақ атқамінерлері де ат салысты.

Облыстың он ауданынан жиналған 200-ге жуық ерікті тасқын болған көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізді.