Жамбыл облысында қыс мезгіліне дайындық жұмыстары қарқынды. «QazaqGaz Aimaq» акционерлік қоғамы «кәрі құданың» қаһарына төтеп беру үшін жан-жақты дайындықты пысықтауда. Бүгіннің өзінде желіні жөндеу жұмыстары кестеден озып келеді.

Пайызбен шаққанда жоспарлы жұмыс 53% атқарылған. Әлі де газ құбырларын ауыстыру, шырпыларды орнату жүруде. Оған 250 техникалық қызмет көрсету мамандары тартылған.