«Бірлік пен даму: өңірлік Қазақстан Халқы Ассамблеясының стратегиялық бағдарының басты негіздері». Бүгін облыс орталығында өткен кезекті ассамблея сессиясы осы тақырыпта өрбіді. Алқалы жиында ұлтаралық татулықты нығайту мен ел дамуы жолындағы бірлескен іс-қимылдар барысы сөз болды.

Отырыста сондай-ақ,өңірдегі қоғамдық келісімнің нығаюына үлес қосып жүрген азаматтар марапатталды.