Жамбылда 500 гектар алқапқа егілген қарқынды алмақ бақтар қурап қалды. Осыдан 9 жыл бұрын бір коперативке біріккен шаруалар алма өсіруді қолға алады. Аграрлық корпорация арқылы несие алғандар қаржы уақытылы берілмеді дейді.
Салдарынан алқаптар қурап, ағаштары ауруға ұшырайды. Ал агро компания шығынымызды өтеудің орнына төлемін мойнымызға міндеттеп жатыр деп наразы.