Әйгілі Ленинград заң институтының нақ өзі Жамбылда болған. 1944-45-ші оқу жылын іргелі білім ордасы біздің өңірде өткізген. Соғыс уақытында да білім беру ісін тоқтатпаған институттың шалғайдағы Қазақстанға, оның ішінде Жамбыл қаласына эвакуацияланғанын архив құжаттары айғақтайды.