Таразда «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» бастамасын іске асыру бойынша көшпелі отырыс өтті. Еске сала кетсек, Атырауда өткен III Ұлттық құрылтайда Ұлттық академия осындай ұсыныс білдірген еді.

Басқосудың негізгі көздегені жерді тыңайту және тұқым, су, егін шаруашылығын дамыту сынды ең маңызды мәселелер қозғап, ұсыныс – пікірлерді тыңдау. Жиынға еліміздің Ұлттық Ғылым Академиясының президенті Ақылбек Қажығұлұлы бастаған бірқатар ғалымдар, сенат пен мәжіліс депутаттары және аймақтың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты.