Ерекше балалар мен мектеп оқушылары спорттық сайыста бақ сынады. Мүмкіндігі шектеулі жасөспірім мен спортқа әуес жеткіншіктер бір командаға топтасып, қарсыластарын оза шабуға талпынды.

Дәл осындай ойын шарты бойынша оқушылар Тараз қаласында бүгін алғаш рет бас қосты.