Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев соғыс ардагері, Т.Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылының тұрғыны Шалданбай Шанбаевты 100 жасымен құттықтады. Аймақ басшысы ғасыр жасаған қарияға ізгі лебізін арнап, Жеңісті жақындатуға қосқан үлесін, ұзақ жылдар бойы атқарған елеулі еңбегін, өнегелі өмірін атап өтіп, алғысын жеткізді.