Жыл басынан бері Жамбыл облысының 12 жарым мың тұрғыны тегін заңгерлік көмек алды. Бұл туралы Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесуінде ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев мәлім етті. Министрдің айтуынша, қазір заң кеңесі түріндегі тегін заң көмегіне кепілдік беретін қызметкерлердің саны кеңейтілді. Енді аз қамтылған және көп балалы отбасылар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, азаптау құрбандары, 1 және 2 топтағы мүгедектер, зейнеткерлер тегін заңгерлік кеңес алуға мүмкіндіктері бар.