Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы негізсіз қымбаттамауы тиіс. Бұл жөнінде «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысында айтылды.

Онда өңірдегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мәселесі көтерілді. Ал, тәртіпке бағынбай халық тұтынатын тауарлардың құның негізсіз қымбаттатқандарға заң жүзінде шара қолданылмақ.