Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің «Monterra Qasaqstan» ЖШС басшылығымен кездесті. Тараптар тау-кен металлургия комбинатын салу және алтын кен орындарын игеру жөніндегі жобаны іске асыру барысын талқылады.

Комбинат құрылысына Қордай ауданынан жер телімі бөлінген. Жаңа өндіріс орнында алтын-күміс қорытпасы өндіріледі. Комбинат толық іске қосылғанда 10 мың келіге дейін бағалы металл өндіреді деп жоспарланған.