«Түйте» каналы коммуналдық меншікке қайтарылуы тиіс. Кезінде жеке меншікке өтіп кеткен каналдың қазіргі жағдайы мәз емес. Қолда барды оңтайлы ұқсату үшін атқарушы билік пен нысан иесінің арасында дау туып, ол әлеуметтік желіде желдей есуде. Шын мәнінде мәселенің мән – жайы қалай?

Осы ақпаратқа қатысты бүгін брифинг өтті. Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков пен қаржы басқармасы басшысының уақытша м.а Дамир Досанов даудың қалай шыққанын, «Түйте» каналына қатысты өз ақпараттарымен бөлісті.