Бүгін облыс әкімі Нұржан Нұржігітов елордада есеп берді. Брифингте аймақтың даму жолдары, өңір тынысы, сан саланың қыруар жұмысы айтылды.

Астанадағы Нұржан Нұржігітовтің баспасөз мәслихаты республикалық арналар арқылы тікелей эфирде таралды. Әр салаға жеке тоқталып, тындырылған тірліктер мен өңірдегі өзгерістер туралы кеңінен баяндады.