Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Жамбыл облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Қарахан мемлекеті тұсындағы Ислам» тақырыбында халықаралық ғылыми-танымдық конференция өтті. Бұл жиынның көздегені, Орта Азия даласына Ислам дінінің келуі, қазақ халқының діни ұстанымы мен Қарахан мемлекеті тұсындағы қазақ жерінен шыққан белгілі тұлғалардың еңбектерін насихаттау.

Алқалы жиынға еліміздің бас мүфтиі арнайы келді. Конференцияда Түркия, Өзбекстан мен Қырғызстан елдерінен келген зерттеуші ғалымдар тарихқа шолу жасады.