«Депутаттар азаматтық некеге тиым салу керек». Осылай деген тараздық ақын, ҚР жазушылар одағының мүшесі Үміт Битенова жаңа сайланған депутаттар отбасы құндылықтарына жеткілікті көңіл бөлу керек дейді. Қоғамда азаматтық неке арқылы отбасылы боламыз дегендер орға жығылып жатқанын алға тартты. Бұл фактордың отбасы институтын құлдырататын салғырт дәстүрге айналып бара жатқаны алаңдататын айтып отыр. Ал өзге қалам ұстаған қауым өкілдері қаламақы мәселесіне қатысты заңдар қабылданғанын қалайды. Ақынын ардақтап, жазушыларға жағдай жасалған елде отбасы институы да берік болады деген ойда. Бұл идеологияны дамытып, рухани бағытымызға даңғыл жол болады деп санайды. Ал кей тұрғындар Мәжіліс мінберіндегі жаңа толқын экологиялық проблемаларға ерекше назар аударса деген пікірде.