Есте болса еліміздегі бірқатар такси жүргізушілері шетелдік қосымшалардың тиімсіз тұстарын жіпке тізіп, бас көтерген еді. Олар үстемақының тым жоғары екендігін айтып, тапқан пайызымыздың бір мөлшері шетелге кетіп жатыр депдабыл қақты.

Енді отандастарымыз шетелдік платформалардың алдын орап кететін бағдарлама ойлап тапты. Оның бір жақсы тұсы тапқан ақшаның белгілі бір мөлшері қайрымдылыққа жұмсалса, енді бір бөлігі жүргізушінің зинетақы қорына түседі екен.