Киелі аспап күмбірі. Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы мерекелік іс-шаралар легі жалғасуда. «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар челленджіне тараздық жастар да үн қосты. Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназияда бір мезгілде 100 оқушы ұлттық аспапта бір мезгілде күй тартып, көктемнің көркін көркем жырмен көмкерді.