Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек Жуалы ауданына жұмыс сапарымен барды. Ол аудандағы бірқатар сүт тасымалдаушылардың жұмысымен танысты.

Ал, тұрғындар сүтті қабылдау бағасы былтырғыға қарағанда биыл көңілге қонымды екенін жеткізді. Сонымен қатар, мемлекеттен бөлінген көмекті де алып жатқандарын айтты. Жуалы жерінде сүт өңдейтін кәсіпорындар баршылық. Бұл шаруалар үшін де тиімді болып отыр.