Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі түбі түркі ұлтқа ортақ мейрам. Қазақ халқы құшағын кеңге жайып, құрмет тұтқан сыйлы жұртқа, құтты дастарханынан дәм алғызып, үлкен сый-сыяпат көрсететіне де бар.

Иә, дәм демекші кәделі де, құнарлы ұлттық тағамдар бізде жетерлік. Бәрін айтта бірін айт, көбінің есінен кеткен, көненің көзінде қалған, тағамдарды бүгін ұлықтап, «Анаға тағзым» орталығы «Ақ мол болсын!» тақырыбында шеберлік сағатын өтткізді.