Бүгін, Жамбыл облысында жүлде қоры 1 000 000 тг құрайтын, бірінші өңірлік "ITII HACKATHON-2023" байқауы өтті. Шараға мектеп оқушылары, колледждер және ЖОО студенттері қатысты. Байқауға еліміздің ІТ технологиялар саласынан мамандар эксперттер, менторлар жұмылдырылған.