Академик Нұрлан Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортапедия орталығының қызметкерлері Тараз қаласына келді. Олар жарақаттану кезінде медициналық көмек көрсетуді жетілдіру жолдары бойынша жиын өткізді. Жергілікті медицина мамандарымен бірге тиімді емдеуді жүзеге асырудың жол картасы талқыға түсті.