Үкіметте көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы бекітілді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің айтуынша құжат елімізге білікті кадрлардың келуін ынталандыруға, шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқықтарын қорғауға және өңірлер арасындағы демографиялық теңсіздікті жоюға бағытталған. Осы мақсатта шетел кәсіпкерлеріне «инвесторлық виза» енгізу көзделіп отыр.