Ел президентінің биылғы «Әділетті Мемлекет Біртұтас Ұлт Берекелі Қоғам» атты жаңа жолдауын тұрғындарға түсіндіру мақсатында құрылған мобильдік топ Тараз қаласына келді. Топ мүшелері мемлекеттік қызметкерлермен кездесуде Жолдаудың басым бағыттары талқыланып, тұрғындар тарапынан туындаған сұрақтар бойынша түсіндірме жауаптар берілді.