«Енді қандай да қызмет атқармасын, кез-келген азамат облыс тұрғыны ретінде өз аумақтарының санитарлық абаттандыру жұмыстарына жұмылдырылады. Себебі – тазалық ортақ міндет!». Кезекті аппарат кеңесін осындай тапсырма берумен бастаған аймақ басшысы білдей бір-бір ауданның тізгінін ұстап отырған басшылардың бұл бағыттағы тірліктерінің сылбырлығын сынға алды. 

Күл- қоқыстарды тазартуға қазынадан қарастырылған 5 млрд теңге бар, бірақ  бір де бір ауданда жүйелі жұмыс жоқ! Ал сенбілікте жиналған қоқыстар әлі шығарылмаған. Нұржан Нұржігітов ендігі кезекте бұл мәселеге мойын бұрмайтын басшыларға тәртіптік жаза қолданылатынын айтты. Аппараттық кеңесте сондай-ақ, өңірдің сегіз айдағы әлеуметтік-экономикалық даму барысы сарапталды.