Экономикалық құқық бұзушылықтар мен оларға қарсы әрекет ету – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті. Осыған байланысты өңірлік коммуникациялар қызметінде ағымдағы жылдың 7 айы бойынша Жамбыл облысы Мемлекеттік кіріс департаментінің  экономикалық тергеу қызметінің қорытындысы бойынша брифинг өтті.

Ағымдағы жылдың 7 айында Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі экономикасаласындағы заң бұзушылықтарға қатысты 93 қылмыстық іс қозғады. Олардың көбісі алаяқтық, жалған ақша жасаушылық және заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру. Осы істер бойынша биылғы жылы 11 қылмыстық іс ашылған.

Бақытжан Бегенов, Жамбыл облыстық қаржы саласындағы құқық бұзушылықты тергеу басқармасы бөлімінің басшысы

Өндірісте болған 120 қылмыстық істен, 65-іс аяқталды.

Брифинг барысында ауыл шаруашылығы саласында субсидия алу кезінде алаяқтық жағдайлары жиі кездесетіндігі атап өтілді. Мысалы, облыста 462 мың теңге сомасына «Құттыбұлақ» шаруа қожалығының субсидияларын заңсыз алу фактісі тіркелген. Қазір осы мәселе бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Дияс Ағыбай, Жамбыл облыстық салық және кеден салаларындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасының аға тергеушісі

Шығындарды қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде біз 20% -ға жеттік. Оның ішінде 232 млн теңге мүлікті қамауға алу ісі бойынша тіркелген. Бұл Облыстық көрсеткіш бойынша 37,7% -ды құрайды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің стратегиялық жоспары бойынша  34% ға тең.

Экономикалық тергеу қызметі жұмысының қорытындысы бойынша экономикалық қылмыстарды ашу сондай-ақ мемлекетке келтірілген шығынды өндіру мәселесі оңтайлы шешімін тауып келе жатыр дейді сала мамандары

Шырайлым Болатбекқызы, Рамина Мирзалимова, Руслан Сандыбаев, «Жаңалықтар қызметі»