Негізгі Жаңалықтар 43 келі есірткімен ұсталды

43 келі есірткімен ұсталды

Жамбыл облысында «Қарасора-2026» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында аса ірі көлемдегі есірткі тасымалының жолы кесілді. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Қордай аудандық полиция бөлімінің инспекторлары «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының 215-шақырымында Hyundai Elantra автокөлігін тоқтатқан. Алайда жүргізуші тас жолдың жиегіне шығып, полициядан қашпақ боған. Анықталғандай, ол есірткілік масаң күйде болған және көлік құралын басқаруға құқығы болмаған.


Бөлісу