26 мың көліктің салығы төленбеген
Сәуірдің бірі көпшілікке алдау күні болса, көлігі барларға салық төлейтін соңғы күн. Сәуірдің өтіп кеткеніне бірнеше айлар болды. Бірақ, түбінде бір төлейтін салығының уақытын созып, өсімақы қосып, құзырлы орган өкілдерін әурелеңге салып жүргендер көп. Нақтырақ айтсақ, аймақта 26 мыңнан астам тұлғаның көлік салығына берешегі бар.